Дастан Оразбеков жеке концертін өткізуге 60 млн теңгедей жұмсаған

13 Сәуір 2023, 16:11
998
Бөлісу:
Дастан Оразбеков жеке концертін өткізуге 60 млн теңгедей жұмсаған
Фото: fil.kz

Бұл туралы танымал әнші Дастан Оразбеков «Хабар» телеарнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әнші жуырда Алматы қаласында 25 жылдағы алғашқы концертін өткізген болатын.

Осы концерттің арқасында өзімнің ойымды өзгерттім. Ол - 25 жылдық тәжірибемдегі алғашқы әрі маңызды өзгерістердің бірі. Себебі сахнаға шыққан сайын «әнші көрерменге қалай өнер көрсетуі керек?» деген оймен шығатынмын. Осы концертімде мақсатыма жетіп, көрерменнің көңілін көтере алдым деп ойлаймын, - деді Оразбеков.

Әнші 3 сағатқа жуық уақыт бойы жанды дауыста ән шырқап, би билеп, бар өнерін көрермендері алдында паш еткен.

Концертімде 27 номер болды, оның біреуі де менсіз өткен жоқ. 3 сағат концерт беру оңай емес екенін түсіндім. Концерттен кейін әлімнің кеткенін сездім. Ал кеш аяқталғанша, күш-қуатымның тасып тұрғанын сезген едім, - деп бөлісті Дастан Оразбеков.

Дайындықта кейбір қиындық туындап, тіпті барлығын тоқтатқысы да келген.

Оған себеп – қаражаттың жетіспеушілігі. Жай концерт емес, шоу-концерт көрсеткім келді. Халық құлақ құрышын қандырып қана емес, көзімен де тойса екен деген ниет болды. Көрерменнің көңілінен шыққым келді. Шоу болуы керек. Концертке 57 миллион теңге қаражат жұмсалды, - деді Дастан Оразбеков.

Өзгелердің жаңалығы