«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

24 Қараша 2021, 11:34
3127
Бөлісу:
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды.

«Дарын» сыйлығына 230-дан астам өтініш келіп түскен.  Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды.

«Дарын-2021» Мемлекеттік сыйлығының иегерлері: 

1. «Ғылым» - Есіркегенов Нурғиса Аманкелдіұлы; 

2. «Қоғамдық қызмет» - Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимоллаұлы; 

3.«Журналистика» - Кеншілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықыз; 

4. «Халық шығармашылығы» - Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы; 

5. «Классикалық музыка» - Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы; 

6. «Театр және кино» - Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза; 

7.  «Спорт» - Сон Игорь Сергеевич, Сметов Елдос Бақтыбайұлы; 

8. «Эстрада» - Байдүкенова Рұхия Еділқызы, Әлмадиев Әлібек Бекболатұлы; 

9. «Әдебиет» - Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы; 

10.  «Дизайн және қолөнер» - Бекболатов Атабек Әлібекұлы.

Сыйлықты Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева табыс етті. 

Құрметті достар, жүлдегерлер, марапаттарыңыз құтты болсын. Бұл сіздердің еңбектеріңіз бен таланттарыңызға мемлекет тарапынан берілген лайықты баға. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаңыздар. Бұдан да биіктен көрейік. Жаңа жетістіктер, жаңа жеңістерді бағындырасыздар деп біз толық сенеміз. Соған тілекшіміз. Құтты болсын,- деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы