Дәрігерлерге тиісті 30 миллион теңгені өзара бөлісіп алған

10 Сәуір 2021, 05:30
1524
Бөлісу:
Дәрігерлерге тиісті 30 миллион теңгені өзара бөлісіп алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда короновируспен күрескені үшін берілетін үстемеақыны кеңсе қызметкерлері де алған. 

Атап айтқанда, облыстық аурухананың бухгалтерия, кадр мен экономикалық бөлімінің 14 қызметкері былтырғы эпидемия өршіп тұрған тамыз-қыркүйек айларында 30 млн теңгеден астам қаржыны өзара бөлісіп алған, деп жазды inbusiness.kz.  

Аталған қаражаттан бір қызметкерге 425 мың, біріне 850 мың теңгеден тиісіпті. Ең бастысы, олар тәулік бойына үйін көрместен ауруды жеңумен арпалысып жүрген дәрігерлерге төленуге тиіс болатын.  

Қазіргі күні үш адамға қатаң сөгіс берілді. Қылмыстық жауапкершілікке тарту жайы сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесінен кейін қарастырылады, - дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі Иманмағзұм Шағырбаев.   

Облыстық аурухананың кінәсі дәлелденген қызметкерлері сөгіс және қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларға тартылатын болады. Ал оның басшылығының заң бұзушылыққа қаншалықты қатысы барлығы анықталып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы