Дәрігерлердің абырой-беделі артып келеді – Әлихан Смайылов

21 Қыркүйек 2022, 10:00
1095
Бөлісу:
Дәрігерлердің абырой-беделі артып келеді – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ Үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өскенін атап өтті. 

Биыл олардың орташа жалақысы 420 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 234 мың теңге болды. Дәрігер мамандығының абырой-беделі арта түсуде, - деді Премьер-министр. 

Айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы әзірленіп жатыр. 

2025 жылға қарай ауылдық елді-мекендерде 650 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу көзделіп отыр. Сондай-ақ 32 аудандық аурухана жаңғыртылатын болады. Жалпы, жүргізіліп жатқан жүйелі шаралар денсаулық сақтаудың сапасын жақсартуға және қолжетімді болуына бағытталған. Кадрлық әлеуетті нығайту үшін республикалық бюджет есебінен еңбек нарығына ең қажетті мамандықтар бойынша жыл сайын резидентураның білім беру гранттарын бөлу көзделген.Өңірлер де өз гранттарын ұлғайтуы тиіс. Бұл медицина кадрларының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді, - дейді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы