Дәрігерлер пациенттің ішінен үлкен пирамидалар тапты

15 Сәуір 2025, 20:04
8653
Бөлісу:
Дәрігерлер пациенттің ішінен үлкен пирамидалар тапты
PHOTO
Фото: needtoknow.

Түркияда дәрігерлер науқастың ішінен салмағы екі келіге жуық тас тапты. Олардың кейбірі пирамида пішінінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Need To Know (NTK) басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Мерсин провинциясындағы Тарсус қаласында болған. 40 жастағы ер адамның кіші дәреті баруы қиындап, дәрігерге жүгінген.

Дәрігерлер пациенттің ішінен үлкен пирамидалар тапты

Дәрігерлер оған қуықтың ультрадыбыстық зерттеуін (УЗИ) жасап, ішінде алты ірі тас барын анықтаған. Оның бесеуі пирамида пішінді, ал біреуі куб тәрізді болған. Пациентке ота жасалып, тастар алынған. Олар пішіні жағынан өте дұрыс шыққан: кубтың қырлары — 7 см, пирамидалардың әр қабырғасы — 6 см.

Өзгелердің жаңалығы