Дәрігерлер мен ұстаздар жалақысы орташа деңгейден жоғары болуы тиіс – Сапарбаев

26 Қазан 2019, 18:01
3593
Бөлісу:
Дәрігерлер мен ұстаздар жалақысы орташа деңгейден жоғары болуы тиіс – Сапарбаев
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында президенттің "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру туралы айтты. 

Вице-премьер президенттің тапсырмасы бойынша педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды материалдық қамтамасыз ету деңгейін жақсарту және білім беру саласының басқа да мәселелері шешілетіндігін атап өтті. Тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда.

BEK_8780-1.JPG

"Әрбір елдің дамуы білім, денсаулық сақтау, азаматтардың мәдениетіне байланысты. Біздің балаларымыздың халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан біз мұғалімдердің мәртебесін, олардың материалдық қамтамасыз етілуін арттыруымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Келешекте біздің мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан жоғары болуы тиіс", - деп атап өтті Сапарбаев.

Сондай-ақ, вице-премьердің пікірінше, мектеп директорларының жалақысы сапалы көрсеткіштерге байланысты болуы тиіс.

"Мысалы, бұл мектепте 4000 бала, ал көрші мектепте 500 бала оқиды. Жүктеме әртүрлі, ал директорлардың жалақысы бірдей. Сондай-ақ, оқу сапасы  - "Алтын белгі" алатын түлектері саны, тәртібі және басқа да көрсеткіштер ескерілмейді. Бұл мәселелер жаңа заңда ескерілетін болады", - деді вице-премьер.

BEK_8743-2.JPG

Сондай-ақ, вице-премьер мұғалімдерді жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.

"Өкінішке қарай, соңғы уақытта жасөспірімдер арасында суицидтер мен құқық бұзушылықтар саны өсуде. Бұл ата-аналар мен мұғалімдердің өзара іс-қимылының нашарлағанын көрсетеді. Бұл мәселені шешуде біз қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін үйлестіру үшін қоғамның назарын осы мәселеге аударғымыз келеді. Лайықты ұрпақты тәрбиелеу - біздің ортақ міндетіміз", - деді Бердібек Машбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы