Дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды

16 Наурыз 2023, 14:50
665
Бөлісу:
Дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды
Фото: Асхат Жақыбаевтың жеке мұрағатынан

Шымкенттік дәрігер Асхат Жақыбаев асфиксияның салдарынан жүрек жұмысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайындағы сәбиді  аман алып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Шымкент қаласындағы N2 ауруханасында болған. Жас ана қаршадай нәрестесін қолына алып, жүгірген бойда жансақтау бөлімшесінің есігін жұлқылап ашып, өзінің қолындағы нәрестесін аман алып қалуды өтінген.

Осы кезде Асхат Қойшыбекұлы саспай біліктілігін көрсетіп, қаршадай сәбидің өмірін аман алып қалуға кіріскен.

Дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды

Анасының айтуынша, нәрестесі еміп жатып анасының сүтіне тұншығып, ана сүті баланың өкпесіне түсіп, нәресте сүтке шашалып , демалысы тоқтап, соның салдарынан жүрек соғысы нашарлап нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген. 

Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер Асхат Қойшыбекұлы тез арада ауыз қуысын санациялаудан бастап, нәрестенің жүрегіне саусақтарымен массаж жасап, нәрестенің өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосып, сәбиді 5-6 минуттың ішінде жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмыстарын қалпына келтіру арқылы, сәбиге қайта өмір силаған болатын. Жүрегі тоқтаған сәбиге сәтті реанимациялық көмек көрсеткен, - делінген хабарламада.

Асхат Қойшыбекұлы 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері ретінде қызмет етіп келеді.

Асхат Қойшыбекұлы осы атқарылған жұмыстардың басында өз ісінің озық маманы екенін дәлелдеп, анестезиолог-реаниматолог дәрігер ретінде жағдайы өте ауыр науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетіп, мыңдаған жанның өмірін аман алып қалды. Асхат Жақыбаев қазір жоғары дәрежелі анестезиолог-реаниматолог маманы ретінде жансыздандырудың барлық түрлерін озық меңгерген, медициналық манипуляциялардың кез-келген түрін жасайтын үздік маман ретінде танылды.

Жауапкершілігі жоғары білікті маман бастамашылдығымен де ерекшеленеді. Көшбасшылық қасиеттерімен танылып, аурухана жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады.

Өзгелердің жаңалығы