Дәрігер сырадан бас тартудың негізгі үш себебін атады

16 Қаңтар 2024, 21:32
863
Бөлісу:
Дәрігер сырадан бас тартудың негізгі үш себебін атады
Фото: pixabay.com

Белгілі эндокринолог, превентивті медицинаны ұстанатын дәрігер Наталья Зубарева сыраның зиянды тұстары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ішімдіктің осы түріне құмар адамдар саны күн санап көбейіп келеді. Бұл алкогольді сусын туралы әңгімелеп берген дәрігер одан бас тартудың үш негізгі себебіне тоқталды. Айтуынша, оның ең жағымсыз тұсы - ұзақ уақыт сыра ішкен адамның "қарны" шығып кетеді.

Сыраның құрамында фитоэстрогендер мен этил спирті бар. Осындай комбинация салдарынан адамның іш бұлшықеттері жұмсарып, салбырап кетеді. Бұдан бөлек сыра түрлі ауруға шалдығу қаупін арттырады. Атап айтқанда, екінші типті диабет, қан қысымының жоғарылауы, жүрек-қантамыр ауруларын туындатады, - деді дәрігер.

Дәрігер сыра ішкен адамның либидосы, яғни жыныстық құмарлығы төмендейтінін айтты.

Сырадағы этанолдың әсерінен жыныс мүшесінің сезімталдығы әлсірейді. Тестостерон мөлшері төмендеп, ұрықтың сапасы нашарлайды. Ұрық каналдары семіп, ер адам белсіздікке ұшырайды, - деп түсіндірді Зубарева.

Бұдан бөлек, маманның сөзінше, сыра онкологиялық ауруды туындатады.

Күнделікті ішкен бір стақан сыраңыз, бауыр, тікішек, простата обырына шалдығу қаупін арттырады. Ағзаға түскен алкоголь улы ацетальдегидке айналады. Ол ДНҚ жасушаларын зақымдайды, әрі олардың қайта қалпына келуіне кедергі келтіреді. Бұдан кейін ағза өзіндегі жасушаларды игере алмай, онкологиялық ауруға ұшырайды, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы