Дәрігер: Коронавирус сепсиске ұласса, емдеп алу өте қиын

9 Қараша 2020, 17:44
1798
Бөлісу:
Дәрігер: Коронавирус сепсиске ұласса, емдеп алу өте қиын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған инфекционист-дәрігер Гүлжанат Шыршықбаева айтты.

Вирустың ағзаға түскендегі мақсаты – иммунды жүйенің жағдайын төмендету. Ал қант диабетімен ауыратын адамдардың иммунды жүйесі онсыз да төмен. Организмде басқа бактериясы (отит, гайморит) бар адамдардың ағзасында қант мөлшері көбейсе, бактериялар үшін таптырмас мүмкіндік. Оның түбі сепсиске ұласып кетуі ғажап емес. Коронавирус сепсиспен аяқталған жайдайда оны емдеп алу өте қиын, - дейді дәрігер.

Ол тұмау немесе басқа да респираторлық вирустар коронавирусқа айналып кетпейді, бірақ, бір ағзада бірнеше вирустың бар екенін білдіреді.

«Менде коронавирус емес, басқа вирус» деп жүре беруге болмайды. Дәрігерге барып, коронавирустың бар-жоғын нақты анықтап алу керек, - дейді ол. 

Гүлжанат Шыршықбаева бұған дейін карантиндік шектеудің маңызын әрбір адам жете түсінуі қажет екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы