Дәрігер кімге жасыл алма жеуге болмайтынын айтты

19 Шілде 2021, 13:20
3783
Бөлісу:
Дәрігер кімге жасыл алма жеуге болмайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кімдерге жасыл, қышқыл алма жеуге болмайтыны туралы эндокринолог және диетолог Татьяна Бочарова айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Біріншіден, оның айтуынша, мұндай алмаларды панкреатит немесе өт дискинезиясы бар адамдар, әсіресе өршу кезеңінде жеуге болмайды.

Егер сізде жоғарыда аталған аурулардың бірі болса, онда алманың тәтті сортын таңдаған дұрыс. Алманы үккіштен өткізіп не болмаса пісіріп жегеніңіз абзал. Егер сізде гастрит немесе асқазан жарасы болса, күніне бір жасыл алмадан артық жеуге болмайды. Оның өзінде аш қарынға емес, тамақ ішіп болған соң жарты сағаттан кейін жеу керек, - деді Татьяна Бочарова.
Дәрігердің пікірінше, алманың қышқыл сорттары тіс эмаліна зиян тигізуі мүмкін, сондықтан қышқыл алма жесеңіз, соңынан аузыңызды сумен шайып тастау керек.

Дені сау адамға күніне екі қышқыл алма жеген дұрыс, өйткен қышқыл шырышты қабықты қоздырады, ал жанама әсер ретінде адамның тәбеті артады, - деді эндокринолог.



Өзгелердің жаңалығы