Дәрігер кейбір адамдардың түнде неге оянатынын түсіндірді

12 Ақпан 2022, 13:46
1851
Бөлісу:
Дәрігер кейбір адамдардың түнде неге оянатынын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейде адамның түнде оянуы ұйқысыздықты көрсетсе, басқа жағдайларда бұл қалыпты жағдай. 

Мұндай пікірді Еуропалық ұйқыны зерттеу қоғамының ұйқы медицинасының маманы Александр Мельников айтты.

РИА Новости-дің хабарлауынша, ең алдымен, түнгі ұйқының үзілуі қаншалықты жиі болатынына назар аудару керек.

Екінші маңызды мәселе - осыдан кейін тез ұйықтап кету мүмкін бе? Олай болмаса, бұл ұйқысыздықтың белгісі.

Оянудың себебіне, сондай-ақ таңертең тұрғанда өзіңіздің тынығып тұрғаныңызды сезіне аласыз ба? Осыған көңіл бөлу керек. Егер тынығып тұрмасаңыз, онда ұйқыңызды зерттеу керек. Бұзушылықтың көптеген себебі болуы мүмкін. Оның себептерін сомнолог-дәрігер қабылдауында анықтай аласыз, - деп айтты маман. 

Өзгелердің жаңалығы