Дәрігер: Елордада АИТВ-ны жұқтырғандардың 30%-ы – басқа қалалардан келгендер

27 Қараша 2021, 19:15
959
Бөлісу:
Дәрігер: Елордада АИТВ-ны жұқтырғандардың 30%-ы – басқа қалалардан келгендер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов айтты. Сондай-ақ ол елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуын айқындайтын факторлардың бірі – ішкі және сыртқы миграция екендігін алға тартты.

Биыл елордада статистика мәліметі бойынша ерлер арасында – 197 (71,1%), әйелдер арасында – 80 (28,9%) адам дертке шалдыққан. Ал 20-39 жас аралығында – 62,1% болса, 52,7%-ы – жұмыс істейтін контингентті құрайды. Балалар арасында ауру жағдайлары тіркелген жоқ, - деп атап өтті орталық басшысы.

Қауіпті індет көбінесе АИТВ жыныстық жолмен жұғатыны белгілі.

Оның 10 айдағы үлес салмағы биылғы жылғы барлық жағдайлардың 80,5%-ын құрайды. Оның ішінде гомосексуалдық жолмен жұққаны 21,7%-ға тең. Жыл сайын анықталған жағдайлардың 25-30%-ын шетелдіктер мен басқа қаладан келген тұрғындар құрайды. Жыл басынан бері АИТВ-ның 19%-ы – басқа қалалардан келгендер арасында, 4,2%-ы – шетел азаматтары арасында тіркелді (23,2%), - деді Сәбит Әбдірайымов.

Өзгелердің жаңалығы