Дариға Назарбаева, Тілектес Есболов, Нұртай Әбіқаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

13 Желтоқсан 2021, 12:24
1451
Бөлісу:
Дариға Назарбаева, Тілектес Есболов, Нұртай Әбіқаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында І дәрежелі Барыс ордені иегерлерін марапаттады.

Бүгін еңбек ардагері, көрнекті мелмекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбек пен танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева және көрнекті жазушы Сәбит Досанов «Отан» орденімен марапатталатын болды. І дәрежелі Барыс орденімен мемлекет және қоғам қайраткерлері – Нұртай Әбіқаев, Дариға назарбаева, Қуаныш Сұлтанов және белгілі ғалым Тілектес Есболов марапатталды. Сондай-ақ І дәрежелі «Барыс» ордені «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Валиевке беріледі, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы Александр Машкевичке, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры Алтынбек Қоразбаевқа, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Т.Сүлейменов және З.Федотоваға І дәрежелі «Барыс» ордені берілді.

Өзгелердің жаңалығы