Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

7 Қаңтар 2020, 10:40
1894
Бөлісу:
Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Астана және Қазақстанның митрополиті Александрға Рождество мейрамымен құттықтау жолдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сізді және Қазақстандағы православ дініне барша сенушілерді шуақты Рождество мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам түрлі халықтар мен мәдениет өкілдерін біріктіретін мәңгілік рухани құндылықтар мерекесі болып табылады. Адамдар жүрегіне іңкәрлік мен ізгіліктің, жақыныңа деген жылылықтың шуағын құятын Рождество күндері өмірді бағалай білуге және өзгелермен үйлесімді өмір сүруге үйретеді. Бейбітшілік пен игілік, ізгі ниет пен иманды істер осы мейраммен үндес келеді. Қазақстан қоғамының әр мүшесіне осы құндылықтардың бәрі етене жақын. Сондықтан да біздің еліміз қарқынды қадам басып, әлеуметтік әл-ауқат пен рухани келісім нығаюда, экономика дами түсуде. Ізгі мерекеге орай әрқайсымызға бейбітшілік пен игілік, іңкәрлік пен береке, өсіп-өркендеу тілеймін, - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы