Дархан Қыдырәлі: Букмекерлік кеңсе жұмыстарын насихаттайтын жарнаманы мүмкіндігінше шектеу керек

28 Тамыз 2023, 11:48
976
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі: Букмекерлік кеңсе жұмыстарын насихаттайтын жарнаманы мүмкіндігінше шектеу керек
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - Архив

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ұлттық арнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр зорлық-зомбылықты көп жағдайда нашақорлық, есірткі және лудомания туғызатынын айтты.

Лудоманияға, құмар ойындарына қарсы заң жобасын Мәдениет және спорт министрлігі Мәжіліске енгізген. Сол бойынша баспа БАҚ-та, интернетте, радио, телеарналарда құмар ойындар, букмекерлік кеңселердің жұмыстарын шектеу көзделген, - деді ол.

Министрлік мониторингіне сәйкес, 8 айда 3 мыңнан астам құмар ойындарына шақыратын контент анықталған екен.

Оларға ескерту жасадық, жойдық. Заң күшіне енгеннен кейін тек қана спорттық арналарда ғана белгілі контент қалдырылуы мүмкін. Тек қана табыс көзінің соңына түсіп кетпей букмекерлік кеңселердің жұмыстары мен құмар ойындарын насихаттайтын жарнаманы мүмкіндігінше шектеу қажет, - деді министр.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойып жатқанын да айтып өтті.

Зорлық-зомбылық қатыгездік туғызады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы