Данияр Елеусінов техникалық нокаутпен жеңді

21 Желтоқсан 2019, 11:01
3513
Бөлісу:
Данияр Елеусінов техникалық нокаутпен жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DAZN стримингтік сервисімен ынтымақтастық орнатқан Mathroom Boxing  промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің америкалық спортшы Алам Санчесті 5-раундта жеңуіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.  

Боксшылардың жартылай орта салмақтағы жекпе-жегі Финикстегі (АҚШ, Аризона штаты) Talking Stick Resort аренада өтті. Дәрігерлер Санческе боксты жалғастыруға рұқсат бермеген соң, рефери бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатты. Осылайшы рефери Елеусінов техникалық нокаутпен жеңді деп шешті. 
Қазақстандық боксшының жекпе-жегіне ерекше баға бергендер де бар.
Данияр Елеусінов тұрақты түрде кәсіби боксшы ретінде шығып жүр, - деп жазды твиттерде америкалық ESPN танымал журналисі Стив Ким. 
Дәл солай! Ол бұдан былай тек жоғары көтеріле береді. Себебі қарсыластарының деңгейі де көтеріліп келеді, - деп жауап берді Хирн.
Өзгелердің жаңалығы