Данияр Елеусінов Головкин-Шеремета жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

17 Желтоқсан 2020, 13:08
1409
Бөлісу:
Данияр Елеусінов Головкин-Шеремета жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

 

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстан уақытымен сенбі күні таңертең орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF титулын бұрын-соңды жеңіліп көрмеген Камил Шереметадан қорғайды. 

Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Prosports.kz сайтына осы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Шеремета Головкиннің деңгейінде емес деп ойлаймын. Менің ойымша, Геннадий техникалық нокаутпен оңай жеңіске жететін сияқты. Дегенмен, поляк боксшысы IBF жүйесіндегі міндетті қарсылас саналады және бокста ұрып-соғу бәрінің қолынан келетінін де ұмытпау керек. Головкиннің иегі өте күшті және ол жекпе-жекте өзін мықты ұстайды, онысын әрдайым дәлелдеп жүр, сондықтан Геннадийге Шереметаны жеңу аса қиынға соға қоймас, - деді Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы. 


 

Өзгелердің жаңалығы