Данилов ауыл халқы айтқан дәстүрлі әмбебап проблемаларды атады

16 Қараша 2021, 15:35
1087
Бөлісу:
Данилов ауыл халқы айтқан дәстүрлі әмбебап проблемаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Stopfake жобасының жетекшісі Александр Данилов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Біздің ел үшін ауыл әкімдерінің сайлауы демократиялық институттарды дамытудағы айтулы қадам болды. Мамыр айынан бастап Ұлттық кеңес мүшелері өңірлерді сапарлады. Олар жергілікті сайлаудағы жағдайды бағамдады. Сайлау процесін бақылау туралы толық ақпарат жинау үшін Жастар кадрлық резерв мүшелері мен кеңес мүшелері бірлескен зерттеу жүргізді. Қазанда 12 ауыл округінде болдық. Жобаға қатысушылармен, ауыл тұрғындары, бақылаушы мен сайлауға қатысқан үміткерлер, әкімдермен кездестік, - деді Данилов.

Ол атағандай, осы сапар аясында сараптамалық баяндама әзірленген.

Оны Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы комиссия мүшелері талқылап, қарады. Ауыл халқымен сөйлесу өте оңай, олардың үміті зор. Біз кездескен барлық тұрғын әкімдердің сайлауын өмір сүру деңгейінің артуына әсер етуімен байланыстырып, қолдап отыр. Алайда ауыл халқы айтқан дәстүрлі проблемаларды да ұмытпаған жөн. Оған жолдың жағдайы, инфрақұрылым, көліктік байланыс, бағаның өсуі мен жастардың көшуі, интернет жатады. Осы проблемалардың шешілуі ауылдардың дамуымен байланыстырып отыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы