Damu bala-да спорт секцияларына кезек ашылды

28 Сәуір 2025, 20:51
697
Бөлісу:
Damu bala-да спорт секцияларына кезек ашылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен балаларға арналған спорт секцияларына кезек ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Көкшетау қаласының прокуратурасы "Damu bala" электрондық платформасында спорт секцияларындағы кезекті негізсіз тоқтату фактісі бойынша талдау жүргізді. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ағымдағы жылы балаларға арналған Көкшетау қаласы аумағында орналасқан спорт секцияларына кезек 5 қаңтарда (жылдың бірінші жұмыс күні) ашылуы тиіс болатын. Алайда уәкілетті орган осы уақытқа дейін кезекті ашпаған, бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзды, - делінген хабарламада. 

Қала прокуратурасы қабылдаған шаралармен спорт секцияларына қабылдау кезегі ашылды және 3,8 мың баланың құқығы қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы