Даму әлі алда – Балаева мәдениет саласы туралы

21 Мамыр 2024, 09:20
373
Бөлісу:
Даму әлі алда – Балаева мәдениет саласы туралы
Фото: Артём Чурсинов

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің ойымша, осындай мереке күнінің болғаны өте жақсы. Өйткені ол ең бірінші осы мәдениет және өнер қайраткерлерінің жұмысын, еңбегін елеп, олардың осы елдің, мәдениетіміздің руханиятымыздың дамуындағы үлкен үлесін айрықша атап өтуге үлкен мүмкіндік, – деді министр.

Ол мәдениет саласында жұмыс істеп жүрген барлық қызметкерді патриот деп санайтынын айтты.

Өйткені мәдениет саласында елдің рухын көтеріп, тіктеп жүрген азаматтар қандай қиын-қыстау заман болса да әрқашан өздерінің жігерімен, өнерімен жақсы жетістіктерге жетелеп жүрген үлкен патриот тұлғалар. Сондықтан мен ол кісілердің дендеріне саулық, шығармашылық табыс тілеймін. Әрқашан да еңбектері еленіп, жана берсін, – деп құттықтады ол.

Сондай-ақ Аида Балаева мәдениет саласының дамуы әлі алда деп сендірді.

Мемлекет басшысымыз әрқашан да бұл салаға өте үлкен назар аударып, оның дамуына үлкен септік жасап келе жатыр. Сондықтан, менің ойымша, біздің саланың қарқынды дамуына барлық мүмкіндік бар. Сондықтан даму әлі алда, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы