Дәмханадағы жарылыс: Көлгінов қайтыс болған қыздың отбасына көңіл айтты

21 Қараша 2020, 15:50
2065
Бөлісу:
Дәмханадағы жарылыс: Көлгінов қайтыс болған қыздың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым, - деп жазды Көлгінов.
Еске салсақ, 2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түскен болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллон бар екені анықталған еді. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған. Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді.
Өзгелердің жаңалығы