Kazakh Export Өзбекстанда өкілдігін ашады

11 Наурыз 2019, 17:13
2122
Бөлісу:
Kazakh Export Өзбекстанда өкілдігін ашады

Астана, BAQ.KZ тілшісі.  15 наурызда Өзбекстан астанасында «Орталық Азия кооперациясы: өзара тиімді даму перспективалары» тақырыбында бірінші Орталық Азия экономикалық форумы өтеді.

Қазақстан делегациясы Орталық Азия экономикалық форумына қатысады. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында айтты.

«Іс-шарада Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек басқарады. Айта кетерлік жайт, аталған форумның өткізілуі Орталық Азия елдерінің басшылары арасындағы 2018 жылғы наурызда Астанада өткен алғашқы консультативтік кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі болды», - деді баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, форум қарсаңында «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Өзбекстанда өз өкілдігін ашады.

Бұған дейін Айбек Смадияров 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы