Дүйсенбі, 24 тамызға арналған ауа райы болжамы

24 Тамыз 2020, 08:33
1400
Бөлісу:
Дүйсенбі, 24 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамыз күні республика аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-шығыста және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды ​​облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі, түнде кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, шаңды дауылмен жел күшейеді, күші 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысының кей жерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, кей жерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстікте Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Жамбыл облысының кей жерінде жел 16-21 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы