Дәурен Абаев елордалықтарды Рождествомен құттықтады

Дәурен Абаев елордалықтарды Рождествомен құттықтады
1540

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордадағы Успенский Кафедральды Соборына жиналған қауымды Рождество мерекесімен құттықтады.

Бүгін православ әлемі христиандардың басты мерекелерінің бірі – Рождество Христово мерекесін тойлап жатыр. Тарихи православтық дәстүрлер халықты біріктіріп, елдердегі бейбітшілік пен келісімнің нығаюына ықпал етеді. Дәл осы шуақты мерекеде мейірімділік пен қайырымдылық, үлкенге құрмет және жақынға көмек қолын созу секілді құндылықтар жанданады. Терең мағынасы бар айтулы мереке Қазақстан халқын біріктіріп, еліміздегі бірлік пен дінаралық келісімнің сақталуына зор ықпал етеді. Қазақстандықтар өздерінің діни наным-сенімі мен этникалық шыққан тегіне қарамастан діни мерекелердің маңыздылығын бірге бөліседі. Осы мереке жылулық, махаббат пен достық сыйласын. Әрбірімізге бейбітшілік, жетістік пен ізгілік тілеймін, - деп құттықтады министр Дәурен Абаев.

Айта кетсек, бүгін Православ христиандары өздерінің Рождество мерекесін атап өтуде. Мерекеге орай Нұр-Сұлтандағы бас шіркеуге елордалықтар жиналды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы