Дәрінің шекті бағасын ұялы телефон арқылы білуге болады

18 Тамыз 2020, 20:37
1753
Бөлісу:
Дәрінің шекті бағасын ұялы телефон арқылы білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында дәрі бағасы қатаң бақылауға алынды.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі дәріханаларға препараттардың шекті бағасы жазылған парақшалар іліп, тұрғындарды ақпараттандыруға кірісті.

Арнайы парақшада ең қажет деген бес препараттың бағасы белгіленіп, QR код көрсетілген. Бұл кодты ұялы телефонмен сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар парақшада көрсетілген байланыс телефондарына қоңырау шалып, шағымдана алады.
Кез-келген дәріханаға келген азамат, тікелей бұйрықпен танысып, бұйрықтың астынан бекітілген бағаларды көре алады. Егер сіз шектен тым асқан бағада сатып алсаңыз, төменде көрсетілген біздің жобалық офистің байланыс номеріне хабарласа аласыз, – дейді "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Дәрменқызы.
Айта кетсек, аталған бастама тек Тараз қаласы емес,  облыстың басқа да аудандарын қамтып отыр.
Өзгелердің жаңалығы