Дәрігерлер Трамптың жағдайы туралы айтты

4 Қазан 2020, 14:29
1621
Бөлісу:
Дәрігерлер Трамптың жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырып, әскери госпитальда емделіп жатқан АҚШ басшысының халі біршама жақсарған. Бұл туралы президент Дональд Трамп ауруханадан бейнежазба арқылы өзі хабарлады, деп жазды Хабар24. 

Ақ үй басшысы қазір өзін жақсы сезінетінін айтып, жуық арада қайта оралатынына сенімді екенін жеткізді. Дәрігерлер де Трамптың жағдайының жақсарғанын растады. Бірақ аурудың кей нышандары барын айтып, тағы 2 күндей бақылау керек деп отыр. Осыдан кейін науқасқа одан әрі қандай ем-дом қолдану керектігі белгілі болмақ.   

Ауруханаға келгенде жағдайым нашарлау еді. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Дәрігерлер менің тез сауығып кетуім үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сондықтан көп ұзамай жазылып шығып, бірге бастаған ісімізді аяғына дейін жеткізетініме сенімдімін. Біз бұл індетті толықтай жеңіп шығамыз, - деді АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың да  коронавирустан халі нашарлап, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Экс-президенттің өкпесі қабынған. Порошенко вирусты осы аптаның бас кезінде жұқтырып алған. Алайда ол ауруханаға жатпай үйде емделуді шешкен еді.


Өзгелердің жаңалығы