Дәрігерлер үстемақысы: 70 млн теңгені белгісіз біреу электронды түрде ұрлаған

9 Қазан 2020, 22:56
1663
Бөлісу:
Дәрігерлер үстемақысы: 70 млн теңгені белгісіз біреу электронды түрде ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырдық деп жәрдемақы алу үшін 955 медициналық қызметкер құжаттарын тапсырған. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Атырау қалалық №1 емханасының бірнеше медициналық қызметкері коронавирус індетін жұқтырған медициналық қызметкерлерге төленетін өтемақы бізге де берілсе деген өз талап-тілектерін айтты.

Оларға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Асхан Байдуәлиев барып, мәселенің мән-жайын түсіндіріп,  өтемақының заң талаптары шеңберінде комиссия шешімі негізінде төленетінін жеткізді.  

Оның сөзінше, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызмет барысында коронавирус жұқтырып алған медициналық қызметкерлерге эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде  өтемақы төлеу туралы бірлескен бұйрығы бар. 

Соған сай, келетін дәрігерлерге өтемақы төленеді. Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырдық деп жәрдемақы алу үшін 955 медициналық қызметкер құжаттарын тапсырған. 

Оларды короновирус індетімен күресте қызмет еткен медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты түрде қарауда. Бүгінге дейін 9 отырыс өткізген. Құжаттардың 474-сі мақұлданып, 481-і кері қайтарылған.  

Бірақ жақында аталған бұйрыққа бірқатар өзгеріс енгізілуіне байланысты дәрігерлердің құжаттарын комиссияға қайта беріп, қазір қаралып жатыр, - деді Асхан  Байдуәлиев. 
Ол сондай-ақ медициналық қызметкерлерге ковидпен күрес кезінде жалақысына қосылатын үстемақылары уақытылы төленгенін атап өтті.  

Оның сөзінше, медицина қызметкері коронавируспен ауырған жағдайда – 2 млн теңге, ал көз жұмған жағдайда туыстарына 10 млн теңге беріледі. Өтемақы  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде төленеді. 

Сондай-ақ ол Атырау қалалық №1 емхананың  шотындағы 70 млн теңгенің ұрлануына қатысты да түсініктеме берді. Оның сөзінше, электронды түрде ұрылық жасалған. Тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы