Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ - Сұлтанов

13 Наурыз 2020, 13:14
1518
Бөлісу:
Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ - Сұлтанов

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты.

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 25 ақпаннан 3 наурызға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 %-ға төмендеген. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты. Жыл басынан бері статистика бойынша баға өсімі 0,6 пайызды құрады. Бұл 2015 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. 25 ақпаннан 3 наурызға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 %-ға төмендегенін де байқадық, - деді ол.

Министрдің айтуынша, ішкі нарықта ешқандай дефицит те, "ажиотаж" туындатуға еш себеп те жоқ.

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі жоғары. Импорт көлемі басым тауар тек қант пен тауық етінен байқалады. Дегенмен көршілес Ресейде бұл тауарлар көптеп өндіріліп жатыр. Сондықтан ішкі нарыққа бұл тауарларды жеткізудің ешқандай проблемасы жоқ. Сондықтан ішкі нарықта ешқандай тауар тапшылығы жоқ. What’s App-та және тағы басқа әлеуметтік желілерде таратылып жатқан суреттер бойынша дүрбелең туындатуға еш себеп жоқ, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы