Дәленов: Шағын бизнес 3 жыл кіріс салығын төлемеуі – антикризистік шара

10 Наурыз 2020, 11:06
1724
Бөлісу:
Дәленов: Шағын бизнес 3 жыл кіріс салығын төлемеуі – антикризистік шара

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес өкілдері кіріс салығын 3 жыл бойы төлемейді. Бұл шара қазіргі доллар бағасының өсуі кезінде тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Мұндай пікірді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Біздің елімізде 2000 жылдардың ортасында әдіснама өзгерді. Мұнай-гоз секторынан түсетін барлық түсімдер тікелей Ұлттық қорға кетеді. Бұл мұнай бағасының төмен не жоғары болуына қарамастан түседі. Ұлттық қордан 2,7 трлн теңге кепілдік трансферт ел бюджетіне түседі. Осылай бюджет бағаның өзгеруінен қорғалады. Егер баға өте төмендеп кетсе де, ұлғайып кетсе де, Ұлттық қордан кепілдік трансферт 2,7 трлн болып түседі. Сонда қандай жағдай болмасын, бюджет кепілдік соманы алып отырады, - деді Руслан Дәленов.

Енді бюджетті нақтылау не жаңа қаржы шығару үшін шығыстарды оңтайландыру қарастырылады.
Инвестициялық жобалардың көп бөлігін келесі жылға ауыстыру, әлі басталмаған көптеген жобаны биыл бастамауға болады. Кассалық артық қалдықтар. Ол үлкен сома емес. Дегенмен бар. Сондай-ақ бюджет дефициті қаржыландыру көзіне жатады. Себебі дефицит көлемі ЖІІ 30% жіберуге болады. Осы жылы төмен мөлшердегі дефицит те резерв болады. Сондай-ақ осы жылы бюджеттің кіріс әкелетін бөлігін арттыру көзделген. Бұл жерде шағын кәсіпкерлердің кірістерінен салықтық міндеттемелерін 3 жылға құтылғанын ескеру керек. Бұл – антикризистік шара деуге болады, - деді ол Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында.
Өзгелердің жаңалығы