Creative Aimaq: Қостанай облысының креаторлары 4,4 млн теңгеден астам өнім сатты

Жәрмеңкеде өңірдің тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық қолөнер бұйымдары, жергілікті авторлық брендтер мен креативті индустрия өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 13 Шілде 2026, 06:35
13 Шілде 2026, 06:35
233
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Қостанай облысының креативті жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде өңірдің тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық қолөнер бұйымдары, жергілікті авторлық брендтер мен креативті индустрия өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара аясында «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Айбек Қалиевпен кездесу ұйымдастырылды. Келушілер ақынның жеке домбырасын, ұлттық музыкалық аспаптарды және Қостанай өңірінен шыққан көрнекті тарихи тұлғаларға арналған экспозицияны тамашалады.

Сонымен қатар қостанайлық дизайнерлердің этностильдегі топтамалары көрсетіліп, Нью-Йорктегі MobFilm Festival халықаралық кинофестивалінің финалисі атанған «Қалам» мобильді фильмі таныстырылды. Қонақтар өңір жастары әзірлеген заманауи техникалық жобалармен және Қазақстандағы алғашқы студенттік болидпен танысты.

Жәрмеңкенің концерттік бағдарламасында еліміздегі алғашқы фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың бірі – «Шертер» ансамблі өнер көрсетті. Ұжым орындаған халық күйлері мен әндері ұлттық өнердің бай мұрасын паш етті.

Іс-шараға 1320 адам қатысып, жәрмеңке барысында креаторлардың авторлық өнімдері 4 миллион 414 мың теңгеге сатылды.

Наверх