Цой оқушылар мен студенттер арасындағы ахуалды айтты

6 Қазан 2021, 16:37
19630
Бөлісу:
Цой оқушылар мен студенттер арасындағы ахуалды айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Оқу жылы басталғалы министрлік оқушылар арасында індет жұқтыру жағдайын қадағалауда ұстап отыр. КВИ-дің 9 185 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,26%-ын құрайды. 102 мыңнан астам байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 624-і оң нәтижемен, - деді Цой.
Ол атағандай, студенттер арасында 1 282 жағдай тіркелген.
Оның ішінде 935-і орта оқу орындарының студенттері арасында және 347 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,2%-ын және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,08%-ын құрайды. Жоғары оқу орындарының студенттері арасында сырқаттанушылықтың төмен деңгейі вакцинациялаудың тиімділігін тағы да көрсетіп отыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы