Цой егу пункттерінде қанша вакцина қалғанын айтты

20 Тамыз 2021, 16:42
14629
Бөлісу:
Цой егу пункттерінде қанша вакцина қалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

1 тамыздан бастап коронавирус таралуының индексі 14 пайызға төмендеді. Төсек-орындардың жүктемесі 52 пайызды құрап отыр. Жансақтау бөлімі 48 пайызға толық, - деді ол.

Министр вакцинация қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Вакцинация халық арасында жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 11,1 млн доза вакцина пайдаланды. Оның ішінде 6 млн-нан астам адам алғашқы компонентті, 4 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Республикаға «Синофарм» қытай вакцинасының 1 млн дозасы жеткізілді. Оның 659 мың вакцина дозасы егу пункттеріне жеткізілді. Бұл вакцинаны 38 мыңнан астам адам алды. Егу пункттерінде жалпы 1 млн-нан астам алғашқы компонент, 940 мың екінші компоненттің дозасы бар, - деді ол.

Министр айтқандай, вирустың мутациясына қарамастан санитарлық талаптар сол күйі қалады.

Ол – вакцинация, маска тағу, әлеуметтік қашықтық пен ғимараттарды дезинфекциялау, - деді Цой.

Өзгелердің жаңалығы