Цой әріптестеріне Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді

8 Желтоқсан 2021, 11:36
970
Бөлісу:
Цой әріптестеріне Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптестеріне Жаңа жылды отбасымен бірге тойлауға кеңес берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы жаңажылдық отырысты атап өтпейді деп сенімді түрде айта аласыз ба? – деп сұрады журналистер министрден.

Өз кезегінде денсаулық сақтау саласының басшысы барлығына үйде отыруға кеңес беретінін айтты.

Бұл сұрақ бойынша әріптестерімнің бірі сұраған болатын. Әрине, біз барлығына үйде отыруға кеңес береміз. Егер мерекені атап өту керек болса, онда отбасымен бірге өткізу керек. Сондықтан барлығына да адам көп емес жерде жиналуға кеңес береміз. Өйткені Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке, - деп жауап берді Алексей Цой.

Министр отбасыға көп уақыт бөлу маңызды екенін айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі қанша жалақы алатынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы