COVID-19. Жапония туристер үшін карантин талаптарын жеңілдетеді

9 Қыркүйек 2021, 15:26
3724
Бөлісу:
COVID-19. Жапония туристер үшін карантин талаптарын жеңілдетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ДДСҰ әлем халқын иммундау статистикасын жариялады. Барлық ел бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың 5,5 миллиардқа жуық дозасы қолданылды, деді ұйым басшысы Тедрос Адан Гебрейюс.

Сонымен қатар, екпелердің 80%-ы табыс деңгейі жоғары және орташа елдерде жасалғанын атап өтті. Гебрейюстың айтуынша, кедей мемлекеттер қыркүйек айының соңына дейін вакцинацияланған азаматтардың 10%-ына қол жеткізе алмайды. Ол дамыған мемлекеттер қалған елдерге 1 миллиард доза вакцина беруге уәде бергенін еске салды, дегенмен әзірге жоспарланған көлемнің 15%-дан азы берілді.

Үндістанда бір тәулікте 40 мыңнан астам адам инфекция жұқтырды

Үндістанда соңғы тәулікте індетті 43263 адам жұқтырып, оның 338-і қайтыс болған. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Министрліктің мәліметінше, осы уақытқа дейін КВИ-дан қайтыс болғандар саны 441749 адамға жетіп отыр.

Бүгін 40 567 пациент індеттен сауығып шыққан.

Инфекция таралуының белсенділігі 1,19%-ды құрайды. Ал сауығу деңгейі 97,48%-ды көрсетіп отыр деп хабарлайды жергілікті билік.

Жаңа жағдайлардың көбеюі Керала мен Махараштра қалаларында тіркелген.

Жапония туристер үшін карантинді жеңілдетеді

Жапония ресми түрде ел толығымен вакцинацияланған туристер үшін карантинді жеңілдетуге ниетті. Бұл туралы елдің билік өкілдері шешім шығарды. Олар вакцинация паспорты бар Жапонияға кіретін шетелдіктерге эпидемиологиялық адалдық танытады. Атап айтқанда, карантин 14 күннен 10 күнге дейін қысқарады. Әзірге Pfizer, Moderna және AstraZeneca вакцинация сертификаттары туралы айтылуда. Дегенмен де олар АҚШ, Еуропалық Одақ аумағында немесе тікелей Жапонияда шығарылуы керек.

Германия вакциналау орталықтарын жаба бастады

Себебі тұрғындар екпені учаскелік дәрігерге барып немесе мобильді топты үйіне шақырып ала алады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жалпы Германияда қазірге дейін коронавирусқа қарсы 50 миллион адам вакциналанған. Бұл - халықтың 62 пайызы. Екпені 12 жастан асқан баладан бастап барлық тұрғын ерікті түрде ала алады. Бірақ жаз айларында халықты вакциналау қарқыны біршама төмендеді. Осыған байланысты дәрігерлер азаматтарды егілуге шақырып жатыр. Олардың айтуынша, бұл індеттің төртінші толқынына төтеп беруге мүмкіндік береді. Оның үстіне соңғы кезде елде індеттің таралуы қайта өскен.

Егер біз вакциналаудың қарқынын күшейтпесек, осы күзде індеттің төртінші толқынының салдары ауыр болуы мүмкін. Қазірдің өзінде вирусты жұқтырып, ауруханаларға түскен науқастар көбейді. Соңғы екі аптада олардың саны 2 есе артқан. Әсіресе, жастар көп. Басым бөлігі – вирусқа қарсы егілмегендер. Осы ретте екпе аурудың ауыр түрінен қорғайтынын ескерткім келеді, - деді Кох институтының басшысы Лотар Вилер Роберт.

Айта кетейік, соңғы тәулікте 13 мыңнан аса адам вирус жұқтырған.

Пәкістанда індеттің кесірінен күніне 100 адам қаза болуда

Пәкістанда бір тәулікте 4000 -нан астам коронавирустық жағдай тіркелді. Елде бір ай бойы күнделікті жұқтырғандар саны 3000-4000 адамды құрауда. Мамандар мұндай жағдайды пандемияның төртінші толқынымен байланыстырады.

Ұлттық басқару және операциялық орталық таратқан мәліметтер бойынша, соңғы 24 сағат ішінде 63 161 адамнан COVID-19 анықтау үшін сынама алынды, соның салдарынан 4062 жаңа жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш расталған жағдайлардың санын 1194 198-ге жеткізді.

NCOC мәліметтері көрсеткендей, бір аптадан астам уақыт бойы күнделікті өлім саны 100 адамды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы