COVID-19 Солтүстік Кореяға да жетті

26 Шілде 2020, 17:07
2501
Бөлісу:
COVID-19 Солтүстік Кореяға да жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея билігі эпидемия басталғалы алғаш рет коронавирус жұқтыруы мүмкін деген науқастың барын хабарлады. Мемлекеттік KCNA агенттігі "Безбүйрек вирус елге келді деп айта беруге болады" деп КХДР басшысы Ким Чен Ынның сөзін келтірді.

КХДР билігінің мәлімдеуінше, олар Оңтүстік Кореяға қашып, үш жылдан кейін 19 шілде күні оралған азаматынан күдіктеніп отыр. Шекара маңындағы Кэсон қаласында карантин тәртібі енгізілді.

Жабық ел саналатын Солтүстік Корея осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырғандардың барын жоққа шығарып келген. Сарапшылар Солтүстік Кореяға вирус әлдеқайда ерте жеткен, бірақ билік ол туралы хабарламаған дейді. ҚХДР – Covid індеті бастау алған Қытайға көрші мемлекет. Оның жанындағы Оңтүстік Корея да індеттен зардап шеккен елдердің қатарына кіреді.

Өзгелердің жаңалығы