COVID-19. Шетелден келген жолаушылардан анықталған жоқ

1 Қаңтар 2021, 15:54
1128
Бөлісу:
COVID-19. Шетелден келген жолаушылардан анықталған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 желтоқсанда Қазақстанға 1 726 жолаушы ұшақ арқылы келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жазды.

2020 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив аралдары, Египет, Түркия, БАӘ, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 726 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 474 адам, анықтамасыз 252 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 972 жолаушы, анықтамамен - 788, анықтамасыз - 184; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 629 жолаушы, анықтамамен - 561; анықтамасыз - 68;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 51 жолаушы анықтамамен келді;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келді;

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 12 жолаушы анықтамамен келді;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 58 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 30 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 214 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы