COVID-19 ревакцинациясы жыл сайын болуы мүмкін – ДДСҰ

29 Қараша 2021, 14:00
860
Бөлісу:
COVID-19 ревакцинациясы жыл сайын болуы мүмкін – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін. Бұл пікірді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы Франк Ульрих Монтгомери немістің Funke редакциялық тобының газеттерінде жарияланған сұхбатында айтты.

Бұл туралы ТACC агенттігі хабарлайды.

Ревакцинация иммундық жүйені нығайтады. Бірақ оның қанша уақытқа созылатынын нақты білмейміз. Бәлкім, жыл сайын қайталау керек шығар, – деді ол.

Монтгомери егер азаматтар уақытылы ревакцинациядан өтпесе, жарамдылық мерзімі белгілі бір уақытта аяқталатын вакцинация сертификаттарын қолдады.

Германияда өткен жылдың желтоқсан айында коронавирусқа қарсы алғашқы екпе жасалды. Оларды алған азаматтардың әлі де жарамды куәліктері бар.



Өзгелердің жаңалығы