COVID-19: ПТР бағасы 4 900 теңгеге дейін арзандады

21 Желтоқсан 2021, 16:12
1828
Бөлісу:
COVID-19: ПТР бағасы 4 900 теңгеге дейін арзандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға жағдайын қадағалау және COVID-19-ға ПТР-тестілеуді өткізу бойынша зертханалық қызметтер нарығында шаралар қабылдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

2021 жылы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (ҰСО) COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6 400-ден 4 900 теңгеге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді. ПТР-тест құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төмендетілді, - делінген хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.

Сонымен қатар республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде.

Бұрын БҚДА аумақтық бөлімшелерімен жасалған монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КДЛ «Олимп» ЖШС мен «Инвиво» ЖШС-мен қосқанда  36 нарық субъектісі 2020 жылдың қазанында бағаны 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, ал кейін 2021 жылдың ақпанында 7 мың теңгеге дейін төмендетті.

2022 жылдың бірінші тоқсанында БҚДА бәсекелестік деңгейін анықтау, доминанттарды анықтау және қызметтердің бағасын зерттеу мақсатында COVID-19 анықтайтын ПТР-тестілеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы