Бүгін "COVID-19: Карантин" деректі фильмі көрсетіледі

10 Мамыр 2020, 16:01
2083
Бөлісу:
Бүгін "COVID-19: Карантин" деректі фильмі көрсетіледі
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 20:50-де Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы түсірген "COVID-19: Карантин" деректі фильмі эфирге шығады. Бұл туралы Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы басқарма төрағасының орынбасары Ильхам Ибрагим өз Facebook-тегі парақшасында хабарлады.


Жобада Қазақстанның әлемдік пандемияға қарсы жүргізген іс-қимылдары, азаматтардың денсаулығын қорғау мен сақтаудағы кешенді жұмыстары, төтенше жағдай режимі кезіндегі сақтық шаралары, еліміздің дағдарысқа қарсы жасаған нақты әрекеттері көрініс табады. 

Басты мақсатымыз – уақытпен санаспай, алғы шепте жүрген дәрігерлер мен қауіпсіздік саласы өкілдерінің еңбегін жеткізу. Үйден шықпай, індеттің таралмауына үлес қосқан қарапайым азаматтардың да өзгерген өмірі көрсетілетін болады, - делінген хабарламада.
Деректі фильм ҚР ДСМ және ҚР Қорғаныс министрліктерінің сүйемелдеуімен түсірілген.
Өзгелердің жаңалығы