COVID-19. Иран билігі ел ішінде жүруге шектеу қояды

15 Қараша 2020, 10:12
2516
Бөлісу:
COVID-19. Иран билігі ел ішінде жүруге шектеу қояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда 18 қарашадан бастап COVID-19-дың тест нәтижесі болмай, ел бойынша кез келген жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды. 

Бұл туралы сенбіде, 14 қарашада ISNA агенттігі елдің денсаулық сақтау вице-министрі Алиреза Раисидің бұйрығына сілтеме жасап хабарлады.

18 қарашадан бастап коронавирустық тест нәтижелері жоқ жолаушыларды әуе, құрлық немесе теңіз көлігімен тасымалдауға тыйым салынады, - делінген бұйрық мәтінінде.

Мұндай шешім Иранның коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық штабының кезекті отырысының қорытындысы бойынша қабылданған.

Иран билігі пандемияның соңына дейін арнайы шектеулер жүйесін сақтауды жоспарлап отыр.

Шенеуніктердің айтуынша, шектеулер белгілі бір аймаққа  науқастардың ауру  деңгейіне сәйкес анықталады. Иранда барлығы үш деңгей бар: қызыл, қызғылт сары және сары. Соңғы кезде Иранда коронавирус инфекциясын жұқтарғандар саны өскен.

14 қарашадағы жағдай бойынша, жұқтырған адамдардың жалпы саны 749 525-ке жетті, 552 747 адам сауығып кетті, ал қайтыс болғандар саны 41 034.

Сонымен бірге, Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі  Киянуш Джаханпур Иранда жасалған вакциналарды сынақтан өткізу басталғанын хабарлады.

Кем дегенде екі ирандық коронавирустық вакцинаны сынау басталады, - деп жазды ол Twitter-де.

 


Өзгелердің жаңалығы