COVID-19-ды емдейтін дәрінің 48%-ы отандық өндірушілер үлесінде

4 Қыркүйек 2020, 17:02
1243
Бөлісу:
COVID-19-ды емдейтін дәрінің 48%-ы отандық өндірушілер үлесінде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.

Фармацевтикалық өндірісті дамыту мен қолдау және импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 10 жылға дейінгі мерзімде отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын іске асыруда. Әуелде дәрілік заттарды жеткізуге бағытталған мұндай ұзақмерзімді шарттарды бекіту шарасы жеті жылға дейін болған еді. Бүгінде 3600 дәрі-дәрмек пен медициналық атаулы заттарды жеткізуге жауап беретін 32 отандық тауар өндірушімен бекітілген 63 ұзақмерзімді шарт бар, - деді ол. 
Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, жыл сайын Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу жобаларында отандық тауар өндірушілер үлесі артып келеді. 
Бұл жалпы көлемде қаржылай алғанда 30 пайызды құрап отыр. Ал 2024 жылға қарай оның деңгейін 80 пайызға дейін арттыру жоспарда бар. Қазіргі таңда Бірыңғай дистрибьютор сатып алуларында отандық өндірушілердің қаптамадағы өнімі 70 пайыздан артық болып тұр. Нақтылай кетсек, COVID-19 індетінен емдеу үшін дәрілік заттардың 48 пайызын отандық өндірушілер өндіріп жатыр, - деді комитет өкілі.
Бұған дейін ол елімізде тұмауға қарсы екпе жұмыстары 15 қыркүйекте басталатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы