COVID-19: Дубайдан келген жолаушылардың талдау нәтижелері таза болып шықты

2 Мамыр 2020, 18:25
1596
Бөлісу:
COVID-19: Дубайдан келген жолаушылардың талдау нәтижелері таза болып шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырған тағы 2 адам тіркелді. Ал БАӘ-ден ұшып келген жолаушылардың барлығының тексеру нәтижелері таза болып шықты, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

2 науқастың бірі – Іле ауданы Қарой ауылының тұрғыны. Екіншісі – 30 сәуірде "Атырау-Алматы" әуе рейсімен ұшып келген жолаушылардың бірі. Оның сырқаты профилактикалық тексеру барысында белгілі болған. Онымен бірге бортта 79 жолаушы, 9 экипаж мүшесі болған. Жақын байланыста болғандар – 9, потенциалды байланыста болғандар саны – 71 адам. Жақын байланыста болғандар Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды, ал потенциалды байланыста болғандар үй карантинінде медициналық мамандардың бақылауына алынды, - делінген ведомство хабарламасында. 

Тағы бір атап өтерлігі, БАӘ-ден жеткізіліп, Қапшағай маңында карантинге алынған 171 адамның барлығының вирусологиялық зерттеу нәтижесі таза болып шықты. Олар бүгін әкімдік тарапынан ұйымдастырылған арнайы автоубстармен үйді-үйлеріне таратылды. 

Жалпы, Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны – 144. 

Өзгелердің жаңалығы