COVID-19. Бірқатар елде карантин ұзартылды

23 Шілде 2020, 11:01
1442
Бөлісу:
COVID-19. Бірқатар елде карантин ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируc инфекциясын әлем бойынша жұқтырғандар саны 15 093 246 адамға жетті.

Британиялық медицина ғылымдары академиясының ғалымдары әлемдегі коронавирустық инфекцияның толқынының қайталануы мүмкін екенін болжап отыр. Олардың болжамдарына сәйкес, COVID-19 екінші толқыны бірінші толқыннан ауыр болуы мүмкін, сондықтан оны болдырмау маңызды деп хабарлады korrespondent.net.

Мамандардың пайымдауынша, коронавирустың екінші өршуі пайда болған жағдайда, елдегі өлім-жітім саны 2020 жылдың қыркүйегінен бастап 2021 жылдың маусымына дейінгі кезеңде 120 мыңға жетуі мүмкін, бұл бірінші толқынның көрсеткішінен 3 есе асып түседі.

Нью-Йорк коронавирус эпидемиясының қарқынын басты, бірақ қазір қалада жаңа мәселе өршіп тұр. Мегаполисті экономикалық дағдарыс және "нәсілдік сот төрелігі" жақтастарының талабы бойынша полиция бюджетін қысқарту шарасы аясында болып жатқан түрлі қиратулар мен адам өлтіру фактілері алқымнан ала бастады.

Таиланд COVID-19 салдарынан төтенше жағдайдың күшін 31 тамызға дейін ұзартты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ-та COVID-19-ға ең көп тестіленуші адам. Ол күніне бірнеше рет тестілеуден өтеді.

Бұрын COVID-19 диагнозы қойылған Бразилия Президенті Жаир Болсонару коронавирусқа үшінші сынақ жасап, қайтадан оң нәтиже алды.

Маусым айының басында COVID-19-ды жеңген Черногорияда қайтадан эпидемия жарияланды. Ал Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберно Сперанца ел "дауылынан" шығып, коронавирус эпидемиясының алдын алды деп мәлімдеді.

Украинада соңғы тәулікте COVID-19-дың 829 жағдайы расталды. Жалпы елде 60 995 COVID-19 оқиғасы тіркелген, оның 33 172-і сауығып, 1534-і қайтыс болды. Осыған байланысты Министрлер кабинеті отырысында Украинадағы карантин 31 тамызға дейін ұзартылды.

Ал елімізде өткен тәулікте 1646 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы