COVID-19. Байтанаев Астана күнінде сақтық шараларын сақтауға шақырды

5 Шілде 2022, 18:57
1654
Бөлісу:
COVID-19. Байтанаев Астана күнінде сақтық шараларын сақтауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ержан Байтанаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

Құрметті қазақстандықтар!  Астана күнін мерекелеу қарсаңында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырады. Адамдар жаппай жиналған орындарда маска киюді, қолды антисептиктермен өңдеу мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұсынамыз, - деді Байтанаев.

Сондай-ақ, ол  жақындарыңызды індеттен қорғау мақсатында әрбір қазақстандық тұрғыннан COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинациядан уақытылы өтуді сұрады.

Індеттің алдын алудағы ең тиімді жол – вакцинация. Алайда белгілі уақыттан кейін екпенің қорғаныс күші төмендеп, антиденелер жойыла бастайды.  Олардың инфекциямен күресуге жеткілікті деңгейі сақталуы үшін алты айдан кейін ревакцинациядан өту аса маңызды екенін тағы да естеріңізге саламыз, - деді Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы