COVID-19: Атырауда полицейлер вакцина ала бастады

15 Наурыз 2021, 19:20
2242
Бөлісу:
COVID-19: Атырауда полицейлер вакцина ала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

9-13 наурыз аралығында өңірде 895 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 556 педагог, 316 медицина қызметкері, 22 мемлекеттік қызметші және 1 полиция қызметкері, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда аймаққа тұрғындардың сегіз басым санаты үшін 2 мың «Спутник V» вакцинасы жеткізілді.



Өзгелердің жаңалығы