Коронавирус. Анықтамасыз 19 жолаушы келген

26 Наурыз 2021, 15:35
1312
Бөлісу:
Коронавирус. Анықтамасыз 19 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 25 наурызда ел аумағына Германия, Испания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.

4 423 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 404 адам, анықтамасыз 19 жолаушы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 959 жолаушы, анықтамамен - 1 944, анықтамасыз - 15;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 273 жолаушы, анықтамамен - 1 269; анықтамасыз - 4;

Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, барлық 906 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

24 наурызда шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 43 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы