COVID-19: АҚШ тағы да өлім-жітім рекордын жаңартты

16 Сәуір 2020, 07:23
1456
Бөлісу:
COVID-19: АҚШ тағы да өлім-жітім рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ тағы бір күнде COVID-19 өлім-жітім саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды REUTERS ақпарат агенттігі.

 

Агенттіктің хабарлауынша, АҚШ-та бір тәулікте 2364 адам коронавирус ауруынан қайтыс болған. Джонс Хопкинс университеті өз кезегінде елде 2228 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметі бойынша АҚШ-та 30,8 мыңнан астам адам коронавирустың құрбаны болды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта АҚШ-та COVID-19 коронавирустық инфекциясының 636,350 жағдайы расталды, 28 326 адам қайтыс болды.

 

Америка Құрама Штаттары екі көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орында.

Өзгелердің жаңалығы