COVID-19: 6 өңір «сары», 2 облыс «қызыл» аймақта

14 Қаңтар 2021, 10:25
1327
Бөлісу:
COVID-19: 6 өңір  «сары», 2 облыс  «қызыл» аймақта

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ 14 қаңтардағы ел бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Аталмыш матрицасының деректеріне сәйкес, Ақмола мен Қостанай облысы «қызыл» аймақта.

6 өңір «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта. 

Естеріңізге сала кетейік, Республика «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқан болатын.

COVID-19: 6 өңір  «сары», 2 облыс  «қызыл» аймақта
Өзгелердің жаңалығы