Республика «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты

13 Қаңтар 2021, 16:50
3359
Бөлісу:
Республика «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Еліміздегі 136 қаңтардағы жағдай бойынша республикамызда COVID-19-бен ауырған 164 477 науқас және КВИ- жағдайымен 46 499 науқас тіркелді. Науқастардың 87%-ы сауығып шықты, оның ішінде 150 427-сі КВИ+ болса, 34 118 КВИ- болып отыр. Қазіргі жағдай бойынша ауруханаларда 5 732 науқас, ал реанимацияда 357 науқас жатыр. Соңғы айда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалып отыр. ҚР «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақтан «қызыл» аймаққа екі облыс – Қостанай және Ақмола облыстары ауысты. Қазіргі таңда «сары» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, СҚО, Павлодар, Атырау облыстары бар. Сондай-ақ, қаңтар айында БҚО «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа көшірілді. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта, - деді ол.

Бас  санитарлық дәрігердің айтуынша, соңғы айда сырқаттанған адамдардың Атырау облысында айтарлықтай өсімі байқалған. Онда 3,7 есеге өскен.

Сонымен қатар сырқаттанғандар өсімі Алматы облысында 1,8 есе, Қарағнады облысы мен Алматы қаласында 1,5 есеге өсті. Маңғыстау облысында 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өскені байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінгі күні байланысты азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылуда. Шекарада күшейтілген карантиндік баылау жүргізілді. 13 қаңтарда шекарада КВИ+ нәтижесімен 859 адам анықталды. Бүгінгі күнге дейін 5 миллионнан астам зерттеу жүргізілді. Күн сайын зертханаларда 40 мыңға дейін тест жасалады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы