Coursera платформасында тегін оқуға өтінімдерді қабылдау аяқталды

21 Желтоқсан 2020, 13:56
1405
Бөлісу:
Coursera платформасында тегін оқуға өтінімдерді қабылдау аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығындағы кезеңде 43 мыңға жуық қазақстандық Coursera ірі білім беру платформасында тегін курстардан өтуге тіркелді.

Әлемдегі ең танымал Coursera онлайн оқыту платформасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп қазақстандықтар үшін тегін онлайн оқытудың ауқымды жобасын іске асыруда.

Бүгінгі күні ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында тіркеуден өткен қазақстандықтар өтеусіз негізде 500 курс бойынша оқытудан өтеді, жалпы алғанда олар 262 мыңнан астам оқу сағатын өтті. Бұл ретте 20 мың адам бір мезгілде 2 және одан да көп курстарда оқиды. 10 мыңнан астам адам оқуды аяқтап, әлемнің түкпір-түкпірінен танылған білім беру ұйымдарының растайтын сертификаттарын алды.

Оқытудың ең танымал бағыттары бизнес, IT және компьютерлік ғылымдар, тілдерді оқыту, жеке даму және деректер ғылымы болды. Курстардан өтудің арқасында 15 мың қатысушы бизнес-ағылшын тілінің дағдыларын жақсартты. 9 мың адам Python тілінде бағдарламалау дағдыларын игерді. 4 мың қазақстандық SMM негіздері бойынша білім алды.

Курстарда оқитындардың көпшілігі (12,3 мың адам) 26-дан 30 жасқа дейінгі жастағы адамдар. Одан кейін 21-25 жас аралығында – 11,1 мың қатысушы, 31-35 жас – 8,5 мың, 20 жасқа дейінгі санат – 6,4 мың білім алушы.

Қазақстандықтар оқитын топ-10 курсқа «Teach English Now! Technology Enriched Teaching», «Programming for Everybody (Getting Started with Python)», «Busines sEnglish: Basics», «Жобалар мен өнімдермен жұмыс жасаудағы ептілік пен Scrum», «Python-ға ену», сондай-ақ «Ағылшын тіліндегі кәсіби эмаль», «SMM науқаны: мақсаттар, стратегия, алгоритмдер және маркетингтік әлеует», «Растрлық графика. Adobe Photoshop CC», «Өз ақшаңа бизнес ашу», «Өмірлік істі табу негіздері. 1-бөлім. Істі кейінге қалдыруды қалай тоқтатуға болады?».

Естеріңізге сала кетейік, Coursera алаңында тегін оқыту курстарына тіркелу 2020 жылдың 15 желтоқсанында аяқталды. Тіркелген қатысушылар үшін курстар 2021 жылдың 15 ақпанына дейін қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы